00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алтай Көлгінов Есіл ауданының тұрғындарымен кездесуінде түйткілді сұрақтарға жауап берді

25.02.2023 | 06:09
Елорда ақпарат
14

Алтай Көлгінов пен Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев халықпен кездесуінде елорданың сол жағалауын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жоспарларды талқылап, тұрғындар сауалына жауап берді.

Кездесу барысында қала тұрғыны Виолеттаның қойған сұрағы:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы мен Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің жанында биік үйлердің тығыздалған құрылысын тоқтатуды тапсырды.

Біз Тұран даңғылы, 42 бойындағы SportCity тұрғынүй кешенінің тұрғындары осы тапсырманы толық қолдаймыз және оның дұрыстығына сенімдіміз. Қазіргі уақытта біз тұрғынүй кешенінің жанында құрылыс жүргізіп жатқан жауапсыз (жосықсыз құрылыс жүргізіп жатқан) мердігерлерден зардап шегудеміз.

Алайда, елорда әкімдігі мен оған бағынышты уәкілетті мемлекеттік органдар Мемлекет басшысының нұсқауын елемейді және біздің көптеген өтініштерімізге жауап бермейді.

Атап айтқанда, біздің тұрғынүй кешені айналасында бас жоспар өзгертілген 3 учаске бар. Бастапқыда ол жерде 280 орынды балабақша қарастырылған болатын, бірақ ол Alma Park ТЖ болып қайта құрылды.

Сонымен қатар, Бас жоспар бойынша Геннадий Головкин атындағы спорт кешеніне арналған учаске фитнес орталығы бар ТК-ға байланысты өзгерістер енгізді. Біз бірнеше рет хат жаздық, талап арыз бердік, БАҚ өкілдерін шақырдық, түсірілім жүргізіп, жиналысқа шықтық, сондай-ақ «Менің елім-дала» ашық бірлестігіне кірдік. Бізге барлық учаскелерді тексеру туралы нұсқау берілді. Неліктен қоғамдық тыңдаусыз олардың  жоспарлау жобасы өзгертілді?

Қойылған сауалға Алтай Көлгіновтің жауабы:

Қазір құрылысшылардың да, тұрғындардың да екі жағын мұқият тыңдау қажет. Жекеменшік құқығында жер учаскелері бар. Бір кездері олар сатып алынды, тиісті жоспарлар болды. Енді қаланың қарқынды дамуын ескере отырып, осындай сұрақтар туындайды. Бұл үлкен қаланың проблемасы. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, нақты құрылыс мәселелерін мұқият қарап, шешеміз. Қазірдің өзінде 9 нысан тоқтатылды.Біз әлеуметтік нысандар қарастырылған жерлерде рұқсатсыз құрылысты бастаған жосықсыз ұйымдарды тоқтатып, айыппұл саламыз. Сіздің жағдайыңызға келетін болсақ, біз міндетті түрде анықтаймыз.

 

Барлық жаңалықтар