00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада «Абайлаңыз, балалар!» акциясының шеңберінде Ashyq Jol квесті өтті

25.02.2023 | 06:08
Елорда ақпарат
47

Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ Жастар саясаты басқармасымен бірлесіп, қалалық Полиция департаментінің қолдауымен өткізіп отыр.

Бүгін балалар жылына орай квест ұйымдастырдық. Кветске елордадағы №56 мектептің оқушылары қатысты. Онда балаларға жол жүру қауіпсіздігі туралы айтылды. Квестке 25 бала қатысып, әр командаға 5 баладан бөлінді. Олар жүлделі орындар алып, өздерінің жол жүру ережелері бойынша білімдерін көрсетті, – деді «Астана жастары» ЖРО-ның қызметкері Амангелді Олжас.

Квест кезінде қатысушылар жолды кесіп өту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаумен танысты. Сонымен қатар жол полициясы қызметкерлері профилактикалық әңгімелер жүргізіп, барлық қатысушы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Барлық жаңалықтар