00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада экологиялық тұрғыдан тиімді электр автобустарының саны артады

25.02.2023 | 06:08
Елорда ақпарат
12

Алтай Көлгінов пен Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев халықпен кездесуінде елордадағы автобус мәселесін талқылап, тұрғындар сауалына жауап берді.

Кездесу барысында қала тұрғыны Бекзаттың қойған сұрағы:

Бізде, мысалы, 7  тұрғын үйде 635 пәтер бар. Мектеп жасындағы балалар саны көп. Бірі үй маңайындағы мектепке барса, енді бірі алыстағы оқу орнына барады. Яғни, бұл жерде автобус мәселесін көтергім келіп тұр. Жалпы елордада автобус саны артады ма?

Қойылған сауалға Алтай Көлгіновтің жауабы:

Қала халқы көбейген сайын автобустардың тапшылығы байқалуда. Біз барлығын бюджет арқылы алмаймыз. Себебі ол – үлкен қаражат, үлкен шығын. Сондықтан біз жеке кәсіпкерлерге мүмкіндік жасап жатырмыз. Биыл 100 электрмен жүретін автобус келеді. Ол, біріншіден, экология тұрғыдан жақсы, екіншіден – тиімдірек. Сол автобустарды күтудеміз. Бірінші жартыжылдықта келуі керек, – деді А. Көлгінов.

Әкімнің айтуынша, 2 жыл бұрын 100 электр энергиясымен жүретін автобус сатып алынған.

Алдағы уақытта 400 автобус керек болады. Себебі, Есіл ауданының өзінде 3 жылдың ішінде 100 мыңнан астам адам тіркелді. Әрине, осыған байланысты автобустың саны да көп керек болады. Яғни, аялдамалар, мектептер мен үйлерді көбірек салу қажет. Бұл – жоспарымыздағы мәселе, – деді қала басшысы.

Барлық жаңалықтар