00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

25.02.2023 | 06:02
Елорда ақпарат
23

Көктемгі әскерге шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің қатарына елордадан 800-ге жуық жаңа шақырылушы келеді.

Болашақ теңізшілерді шығарып салуға ата-аналары ғана емес туыстары да келді. Залда мектеп оқушылары мен әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, ЖОО әскери кафедраларының студенттері мен оқытушылары қатысты.

Болашақ сарбаздарды Ауған соғысының ардагерлері, жергілікті әскери ардагерлер, Қарулы Күштер ардагерлері құттықтады.

Құрметті әскерге шақырылушылар, бүгіннен бастап сіздер екі есе патриот боласыздар. Себебі Отанды қатты жақсы көресіздер, ал әскери киім киіп, ант қабылдаған кезде екі есе патриот боласыздар. Бүгіннен бастап өздеріңіз үшін ғана емес Отан үшін де жауаптысыздар. Осыдан 30 жыл бұрын, сарай алдындағы алаңда, 1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әскери шеруі ұйымдастырылды, содан бері үш онжылдық өтті, ал армиямыздың тәжірибесі молая түсті. Қазақстандық сарбаз атағын абыроймен алып жүруді тілеймін, – деді өз сөзінде Астана гарнизонының бірінші бастығы генерал Александр Шацков.

Ата-аналар да жылы тілектерін жеткізді.

Абыроймен қызмет етіңіздер. Сіздер біздің мақтанышымыз болып есептелесіздер. Ұлымыз әскерге қатты барғысы келді. Мен оны қазіргі келбетінде көріп, мақтанышпен көзіме жас алып отырмын. Оған әскери форма қатты жарасады, – деді әскерге шақырылғандардың бірінің анасы Инна Гутер.

Тілек білдіруге тағы бір ана Наталья Круколева қосылды.

Ұлымыз әскерге өзі қалап, аттанып барады. Оның мұндай шешіміне риза болдық. Ұлымның жанымнан ұзап бара жатқанына аздап мұңайып отырмын. Бір жыл тез өтеді деп үміттенемін. Балаларымыз өз міндетін ерлікпен орындасын. Әскер адамды тәуелсізікке және жауапкершілікке бейімдейді, – деді әйел.

Мерзімді әскери қызметтен өту қаруды, күрделі әскери техниканы қолдану дағдыларын үйренуге ғана емес, сол сияқты адамның физикалық және рухани күшеюіне ықпал етеді. Әскерге шақырушылар қазірдің өзінде теңізшілер формасын киіп алған. Отан алдындағы борышын өтеу үшін саналы түрде әскерге аттанып барады. Олардың көбісі Отан алдындағы борышын өткізгеннен кейін келісімшарт бойынша әскерде қалғысы келетінін жеткізді.

Бала күнімнен әскери адам болуды армандайтынмын. Әскери тақырыптағы фильмдерді көргенді ұнатамын. Әрқашан форма киюді, солдаттар секілді сымбатты, мінезді болуды армандайтынмын. Армандар орындалады. Ары қарай келісімшарт бойынша қалып, әскери училищеге түскім келеді, – деп өз ойымен Азамат Әбдіхалықов бөлісті.

Шығарып салу іс-шарасы әскери әндердің концертімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, көктемгі әскерге шақыру науқаны 30 маусымға дейін жалғасады.

 

Барлық жаңалықтар