00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық оқушылар арасында I өңірлік олимпиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

25.02.2023 | 06:01
Елорда ақпарат
45

Зияткерлік сайыстар Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы мен «Дарын» РҒПО қолдауымен Қазақстандағы балалар жылын мерекелеу аясында «Астана дарыны» КҚКО ұйымдастырылды.

Химия және биология пәндерінен бірінші өңірлік олимпиада зияткерлік дарынды балаларды ерте анықтау, білім алушылардың пәндерге танымдық қызығушылығын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Олимпиада 28 және 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында 2 турда (теориялық және практикалық) өткізілді. Оған Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Ақмола облысы, қостанай және Нұр-Сұлтан қалаларынан командалар қатысты.

149 жас зияткер өзінің барлық білімі мен іскерлігін көрсете отырып, химия мен биологиядан күрделі олимпиадалық есептерді шешуде жарысты. Химия пәні бойынша 84 оқушы қатысты, оның ішінде: 7 сынып - 32 оқушы, 8 сынып-52 оқушы. Биология пәні бойынша -66 қатысушы: 7 сыныптар -40 оқушы, 8 сыныптар – 26.

Зияткерлік жарыстарға қатысу оқушыларға олардың жеке өсуі мен дамуына, өмірде жетістікке жету үшін қажетті жаңа білім алуға, тәуелсіз ойлауды игеруге және олардың қабілеттері мен мүдделерін анықтауға көптеген мүмкіндіктер береді.

Олимпиаданың демеушісі қайырымдылық қызметімен танымал, әлемдегі ең ірі мұнай компаниясы – «Эксон Мобил» компаниясы болды.
Марапаттау рәсімінде олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне «Дарын» РҒПО I, II,III дәрежелі дипломдары және демеушінің сыйлықтары табыс етіледі.

 

Барлық жаңалықтар