00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Нұр-Сұлтанда жаңа «Достық» саябағы ашылды

25.02.2023 | 05:48
Елорда ақпарат
19

Сенбілікке арналған орын елордалық Достық үйінің жанында таңдалды. Экологиялық сенбілікке қатысушылар «Достық» саябағын ашты.

Сенбілікке Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚХА атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, Алматы ауданының өкілдері, жастар, сондай-ақ елорда тұрғындары қатысты. 

Сенбілікке қатысушылар көгалдандыру, тазарту – бұл санитарлық талаптарды сақтау ғана емес, сонымен қатар біздің ортақ мәдениетіміз екенін атап өтті. 

Жасыл кеңістіктермен қоршалған қаланың сәулеті, сондай-ақ пайда болған жаңа Достық алаңы, сөзсіз, қала мен оның тұрғындарының меншігіне айналады. 


Елордада «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында 16 сәуір мен 16 мамыр аралығында экологиялық айлық өткізіледі. Оның барысында жалпықалалық сенбіліктер ұйымдастыру, сондай-ақ ағаштар отырғызу жоспарлануда.


Сонымен қатар Сарыарқа ауданының тұрғындары да сенбілікке шықты.

«Birge - taza Qazaqstan» акциясы аясында 16 сәуірден бастап тұрғындар мен мемлекеттік органдардың қатысуымен 1335 ағаш отырғызылды. Ауданды көгалдандыруда тұрғын үй алаптарына ерекше көңіл бөлінеді. Қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар гүлзарларға, саябақтарға, Көктал-1, Көктал-2 көшелерінің бойына отырғызылды.

3 апта ішінде көшет отырғызу барысында қалалық басқармалардың қызметкерлері де, орталық органдар да қатысты. Олардың арасында ҚР МҚІА, Бас прокуратура бар. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшелері де өз үлестерін қосты.

Айта кетейік, ауданды көгалдандырумен қатар жалпықалалық сенбіліктер де өтті. Ауданды тазалауға 18 мыңнан астам адам және 1300-ге жуық ұйым шықты. Қоқыс полигондарына 368 тонна қоқыс шығарылды, рұқсат етілмеген полигондар  жойылды.
 

Барлық жаңалықтар