00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада кімдер жеңілдікпен пәтер ала алады (ВИДЕО)

25.02.2023 | 05:45
Елорда ақпарат
43

Бұл тетікті көп балалы отбасылар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, жетім балалар, отбасы мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (36 018 теңге) төмен табысы бар, мүгедек балалары бар отбасылар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Бұл қысқа мерзімде кезекте тұрған 70 мыңға жуық азаматтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, - деді басқарма басшысы.

Әнуар Саиповтың айтуынша, бүгінде қайталама нарықта жалға алынған тұрғын үй үшін төлемдерді тағайындау қағидалары бекітілген.

Жалға алушылардың жалдау төлемдері мен субсидияларын есепке алу үшін шоттары үшінші тұлғалардың өндіріп алуларынан, тыйым салуларынан және өзге де шектеулерінен қорғалатынын атап өткен жөн.

Атаулы көмек қағидаты азаматтар мен мемлекеттің ортақ жауапкершілігіне негізделген: 50%-ы бюджеттен төленетін төлемдер есебінен жабылатын болады, қалған жартысын қаражат алушы өз бетінше төлейді, - деді ол.

Елорданың Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы 2022 жылғы 18 сәуірде «Отбасы банк» АҚ азаматтардың өтініштерін қабылдауды бастағанын мәлім етті.

Қызмет көрсетуді барынша қамту және Нұр-сұлтан қаласының аудандық әкімдіктерінің, тұрғын үй қорының, «Жанұя» орталығының ғимараттарында жалға алуды субсидиялауға үміткер азаматтар үшін жайлылық жасау мақсатында Отбасы банкінің қызметкерлері азаматтарға қызмет көрсетеді, - деді Ә.Саипов.

Барлық жаңалықтар