00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Көктемгі этюд: Елордалықтар жазды асыға күтіп жүр (ФОТО)

25.02.2023 | 04:46
Елорда ақпарат
33

Бүгінде арбат тұрғындар мен қала қонақтарының, әсіресе, жастардың бас қосатын алаңына айналды. Күн сайын жас орындаушылар, музыканттар өз өнерін көрсетіп, қолөнер шеберлері жәрмеңкеге шығады.

Құрбым екеуміздің елордадағы ерекше жақсы көретін жеріміз – осы арбат маңы. Бұл жерде күнде мереке, күнде тамаша көңіл-күй болады. Жастар, балалар үнемі серуендеп жүреді. Сондықтан өзім де жиі келіп тұрамын. Осылай серуендеу, таза ауамен демалу – адам денсаулығына өте пайдалы. Сол себептен де осындай орындардың салынғаны қуантады, – деді Айгүл есімді қала тұрғыны.

Арбат - арнайы дайындық пен ұйымдастырусыз-ақ өнер ортасына айналады. Себебі тұрғындар би билеп, ән айтып, көңіл көтеруге дайын.

Қала тұрғындары мен қонақтары саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен көбірек шұғылданғанды ұнатады. 

Мен күнде таңертең осында келіп, спортпен айналысамын. Есіл жағалауындағы таңғы самал ерекше көңіл күй сыйлайды. Арбат бойымен 40-50 минут шамасында жүгіріп, сергіп қайтамын. Сосын күні бойы өзімді жақсы сезініп, күнделікті істеріммен айналысамын. Көбіне бұл жер маған қайталанбас шабыт сыйлайды, – дейді Данияр есімді қала тұрғыны.

Ал Азамат есімді оқушы болса ата-анасымен және бауырларымен күнде арбатқа келіп, қыдыратынын жеткізді.

Біз отбасымызбен жиі қыдырғанды ұнатамыз. Сондай жерлеріміздің бірі – есіл жағалауындағы арбат. Әсіресе, көктем мен жаз мезгілінде осы жер өзгеше күйге бөленеді. Мұндағы атмосферада бөлек болатынын байқаймын. Содан шығар үнемі келгім келіп тұрады. Бауырларыммен және достарыммен осы жерде жарысып ойнағанды жақсы көреміз, – деді ол.

Арбат – отбасылық серуенге таптырмайтын демалыс орны. Мұнда қауіпсіздік шаралары мен жайлы жағдай толықтай жасалған.

 

Жалпы, елордада соңғы 3 жыл ішінде 500-ден астам қоғамдық кеңістік абаттандырылған. Ал биыл 250 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланып отыр. Осы ретте, арбат маңында да жазғы маусымға дайындық қызу жүргізіліп жатыр.

Есіл жағалауы - елорданың айнасы. Жыл сайын абаттандыру, безендіру элементтерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. 

Бірнеше күннен бері қала көшелерін абаттандыру жұмыстарын, яғни жазғы маусымға дайындық жұмыстарын бастап кеттік. Қандай ауа райы болса да, қала тұрғындарынының жайлылығы және елордамыздың әдемілігі үшін қолымыздан келген жұмысты барынша атқарып жатырмыз. Қазір есіл жағалауын толықтай қолға алып, сырлау, әктеу жұмыстарын істеп жатырмыз. Осы жұмысымызға елорда тұрғындары алғыстарын айтып жатыр. Өте қуаныштымыз!, – деді «Абат Сервис LTD» ЖШС қызметкері Берік Ермекұлы.

Осы ретте, аймақтың инклюзивтілігі мен қол жетімділігін атап өту маңызды. Бұл - мүгедектер арбашасымен  немесе бесік арбамен жүретін адамдар үшін кедергісіз қозғалатын қолайлы аймақ саналады.

Арбат бойындағы жартылай киіз үйлерде қолөнер шеберлері өз туындыларын сатуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалған. Қазір Арбатта 13 киіз үй орналасқан. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар