00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада отбасылық құндылықты нығайту тақырыбында кездесу өтті

25.02.2023 | 04:38
Елорда ақпарат
22

Кездесу Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастырды.

Іс-шараға ЕҰУ 1-2 курс студенттері, оның ішінде ата-анасының қарауынсыз қалған балалар қатысты.

Кездесуде отбасы құндылықтарын нығайту және оның қоғам мен мемлекет өміріндегі маңызы туралы айтылды. Жиынға қатысушылар жастардың отбасы институтын құрудағы рөліне тоқталды. Сонымен қатар комиссия мүшелері еркін форматта «сұрақ-жауап» айдарын ұйымдастырып, студенттермен пікірлесті. Өз кезегінде «Отбасы құндылығы» жұмыс тобының мүшелері неке және отбасы институтын нығайту тақырыбында сөз қозғады.

Бақытты, қуанышты отбасылық өмірдің астарында үлкен еңбек жатыр. Отбасын құру – жауапты қадамды талап етеді. Сонымен қатар көп күш пен уақыт қажет. Отбасы құру – мемлекет құрумен тең. Сіздердің әрекеттеріңіз құрметке лайық болсын, - деді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Назгүл Мақжан.

Барлық жаңалықтар