00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Рамазан айында елорда мешіттерінен түнгі автобустар қатынайды

25.02.2023 | 03:41
Елорда ақпарат
55

Биыл Рамазан айы 2 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтеді. Қазіргі таңда елордадағы 12 мешітте Рамазанға қызу дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. Елорда әкімдігі 2 сәуірден бастап ораза аяқталғанша қаладағы ірі мешіттерден түнгі автобустар қатынасын қамтамасыз етуді қолға алды. Түнгі автобустар елордадағы 5 мешіттен, атап айтсақ, Әзірет Сұлтан мешіті, Әбу Насыр әл-Фараби мешіті, Сәдуақас қажы Ғылмани мешіті, Рыскелді қажы мешіті және Раиса ана мешітінен қатынайтын болады, – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ ведомство өкілі Рамазан айына қатысты кез келген сұрақ бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 109 колл-орталығына хабарласуға болатынын еске салды.

Барлық жаңалықтар