00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Наурыз-2022» ұлттық сыйлығының лауреаттары марапатталды

25.02.2023 | 03:30
Елорда ақпарат
23

«Наурыз» ұлттық сыйлығы елордада екінші рет табысталып отыр. Ұйымдастырушылар іс-шара жыл сайын өткізілетінін атап өтті.

Жобаға барлығы 8 номинация бойынша 114 үміткер қатысты: «Үздік айтыскер», «Үздік күйші», «Үздік әнші», «Үздік жыршы», «Үздік зергер», «Үздік шебер», «Үздік тоқыма шебері», «Үздік ұлттық спорт шебері».

Номинанттар арасында үздік ақындар, дәстүрлі әншілер, зергерлер, қолданбалы өнер шеберлері, ұлттық спорт түрлерінің шеберлері бар.

Салтанатты жиында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жәкенов үздіктерді арнайы құттықтады.

Бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және «Қазақстан» РТРК-мен бірлесіп жүзеге асырылды. Қазақстан мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосқан үздіктер марапатталды, сол арқылы біздің ұлттық құндылықтарымыздың даңқы арта түсті. Көрермендер 7-13 наурыз күндер аралығында qazaqstan.tv сайтына кіріп, өз таңдауларын жасады, – деді Qazaqstan телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджанов.

Жобаның басты міндеті – салт-дәстүрімізді сақтау және дәріптеу, сондай-ақ үздік қолөнер шеберлерін анықтау.

Барлық жаңалықтар