00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада орнатылған камералардың арқасында қылмыс 53%-ға төмендеді

25.02.2023 | 01:24
Елорда ақпарат
46

«Қауіпсіз қала» – бұл шаһарымызда жүзеге асырылып жатқан өте ауқымды жоба. Бұған жол-көлік қозғалысын реттеу, қоғамдық бейнебақылау камералары, денсаулық сақтау, сәулет, білім беру нысандарындағы камералар, сондай-ақ аналитикаға арналған жүйе­лер кіреді. Бірінші кезекте, бұл – тұрғындардың, біздің мүлігіміздің қауіпсіздігі үшін қажет. Біз қоғамдық кеңістіктерде, аулаларда 1500 камера қойдық, соның арқасында қылмыс 53%-ға төмендеді. Келесі жылы қала бойынша 7500-ден астам камера орнату жоспарлануда. Жыл соңына дейін қоғамдық кеңістіктерде тағы 500 камера орналастыруды жоспарлап отырмыз. Өйткені бізде жанға жайлы көркем саябақтардың саны күн санап көбейіп келеді. Осы орайда мен тұрғындарды вандализммен айналыспауға және мәдени орындарды құрметтеуге шақырғым келеді, – деп атап өтті Б. Қасабек.

Барлық жаңалықтар