00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Бюджетке қатысу»: Байқоңыр ауданы тұрғындарынан өтінім қабылданып жатыр

24.02.2023 | 23:03
Елорда ақпарат
26

Жобаның мақсаты – аудан тұрғындарының ұсыныстары негізінде ауданды дамыту, оның ішінде аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және жарықтандыру.

Жобаға кез келген аудан тұрғыны аудан аумағын абаттандыру мен жарықтандыру бойынша идеяларын ұсына алады. Егер дауыс беру процесі барысында оның жобалық ұсынысын басқа тұрғындар қолдаса, ол жоба қалалық бюджет есебінен биыл жүзеге асырылады.

Жалпы, жобаны жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады. Әуелі сайт арқылы тұрғындардан ұсыныс жинақталады. Одан соң бұл ұсыныстар аудан әкімдігі тарапынан құрылған Сараптамалық кеңеске ұсынылады. Сараптамалық кеңес жобалар тізбесін іріктеп, дауыс беру үшін сайтқа орналастырады. Дауыс беру нәтижесі бойынша көп дауыс жинаған жобалар аудан әкімдігі тарапынан жүзеге асырылады.

Жобалық ұсыныстар бойынша өтінім Байқоңыр ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы «Халық қатысатын бюджет» бөлімінде биылғы 10 наурызға дейін қабылданады.

Өтінім беру мәселелері бойынша абаттандыру бөлімінің бас маманы Сұлтан Соловьевке +7 778 812 10 94 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Барлық жаңалықтар