00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық дәрігер ревакцинациямен аурудың жеңіл өтетіндігін айтты

24.02.2023 | 22:41
Елорда ақпарат
49

Қазіргі таңда елордадағы эпидахуал күрделі болып тұр. Біздің емхананың өзінде бұрын тәулігіне жұқтырушылар саны 50 шақты болса, қазір 377 адамнан анықталуда. Емхана стационарында 781 науқас амбулаторлық емделіп жатса, соның ішінде 8 адам жансақтау бөлімінде. Дертті ауыр өткеріп жатқандардың көбі – екпе алмағандар және ревакцинациядан өтпегендер, - дейді ақхалатты маман.

Ол өз сөзінде ревакцинацияның маңыздылығы туралы қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысында айтылғанын тілге тиек етті.

Көбіне ревакцинация алуға Pfizer екпесіне сұраныс жоғары. Ал емханадағы 290 медицина қызметкері ревакцинацияға QazVac екпесін алды. Өзім Vero Cell екпесін салдырдым. Жалпы вакцина алу қарқыны жаман емес, біздің емхана бойынша екпе пункттері «Азия парк» сауда орталығында және М.Әуезов көшесі, 24 мекенжайында ұйымдастырылған. Күніне 195 адам ревакцинация алуда. Коронавирус балалар арасында да таралуда. Бізде тіркеулі тұрған отбасылар бойынша 149 бала симптомсыз түрде ауырды. Олардың ағзасы жас болғандықтан, дертті жеңіл өткереді. Қазір көп адамдар екпе алсақ болды деп маска тақпайды. Бірақ маска режимін сақтап, антисептик пайдалану керек. Масканы апта бойы таға бермей, 3 сағат сайын ауыстыру қажет. Бізде 9 мобильді бригада бар, сол бригадаларды шақыртушылар саны күрт өсіп, тәулігіне 285 шақыртуға дейін жетті. Барып үлгермейтін болған соң, олардың жұмысын 24 сағат бойына істейтін етіп ұйымдастыр­дық, - дейді Гүлсайра Жанат.

Дәрігер сөз арасында мобильді бригадаларды шақырту үшін тұрғындар алдымен «шұғыл желіге» қоңырау соғып, шағымын айтатынын қозғап өтті.

Тағы бір айта кетерлігі, қазір әсіресе 65-тен асқан азаматтардың көбі мобильді топтарды да шақырмай, емханаға да хабарламай, өз бетінше емделіп, көрінген дәріні ішеді. Сөйтіп жағдайын нашарлатып, ауруын асқындырып барып бізге келеді. Сондай науқастардың көптігінен қазір қабылдауда адамдар саны көбейіп, бәріне бірдей үлгере алмай жатырмыз. Сондықтан халықтан сұрайтынымыз – өз жағдайыңызды өзіңіз нашарлатпай, бірден дәрігерге хабарласып, қаралыңыздар! - дейді №1 емхананың эпидемиолог дәрігері.

Барлық жаңалықтар