00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада пандемияға қарсы акцияны қолдау мақсатында жаңажылдық жүгіру өтеді

24.02.2023 | 21:00
Елорда ақпарат
19

Жарысқа қатысуға тілек білдірушілердің бәрі шақырылады. Бағдарламада жаппай жүгіру және скандинавиялық жүріс бар. Негізгі қашықтық – 2022 метр.

Жарыстың мақсаты – елордада бұқаралық спортты дамыту, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және пандемияға қарсы бұқаралық спорттық акцияларға қолдау көрсету.

Жарыс 31 желтоқсанда «Қазақ елі» монументі алаңында өтеді. Басталуы 23:00-де, ал старт уақыты 23:20-да.

Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырады.

Барлық жаңалықтар