00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Өрмекші адам» Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады (ВИДЕО)

24.02.2023 | 20:01
Елорда ақпарат
51

Қайратбек Тұрғанжанов видеолардағы көріністер туралы қысқаша түсіндіріп өтті.

«Жалпы, бұл – мерекелік видеолар. Бірінші видеода «Өрмекші адам» мен Аяз ата тұр. 16 желтоқсан күні кинотеатрларда “Өрмекші адам”  фильмінің жаңа нұсқасы көрсетілетінін естіген шығарсыздар? Содан соң жаңа жыл да жақындап қалды. Бірақ Тәуелсіздік күні — оның бәрінен де қымбат, қазақстандықтар үшін басты мереке. Сондықтан әйгілі кейіпкерлерге көк ту мен ұлттық аспабымыз – домбыраны ұстатып, «алдымен Тәуелсіздік күні, одан кейін ғана басқа мерекелер» деген мазмұнды меңзедік”, - деді “Өрмекші адам” кейпіндегі өндірістік альпинист. 

Сонымен қатар “Өрмекші адам” күй де шерткен. 

“Тағы бір видеода “Өрмекші адамның” ерке Есілдің төрінде “Ерке сылқым” күйін шерткен көрінісін келтірдік. Енді бір видеоны Нұржан Өмірбаевтың “Нұржан айтады” авторлық теле жобасына арнап түсірген ролигін негізге алып, көпшілікке белгілі “Мен қазақпын” әнінің әуенімен түйіндедік. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын! Егемендігіміз мәңгі болып, көк туымыз тек биіктерде желбірей берсін!» – деді Қайратбек Тұрғанжанов. 

Естеріңізге салсақ, бұған дейін «Өрмекші адам» қазақстандық мұғалімдерді кәсіби мерекелері ұстаздар күнімен құттықтаған болатын.

Барлық жаңалықтар