00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

24.02.2023 | 19:50
Елорда ақпарат
27

Бүгінгі шараға қаланың 30-дан астам жұмыс берушілері қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды. Бұл елорда жастары үшін өздері қалаған салада жұмыс берушілермен бір жерде тікелей сөйлесуге мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана жастары" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Әлфараби Нұркенұлының сөзінше, бүгінгі шара – жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер үшін таптырмас мүмкіндік.

«Бүгінгі шара «NS Bagdar» жобасының төңірегінде тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Осының аясында бос жұмыс орындарынан тыс кәсіптік бағдар бойынша семинар-тренинг өтіп жатыр. Жұмыспен қамту орталығының қызметкелері «Жастар тәжірибесі» жобасы бойынша қоғамдық жұмысқа орналасу үшін барлық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мұнда тек осы университет түлектері ғана емес, басқа да оқу орнының түлектері келіп жатыр. Ұсынылып жатқан жұмыстың жалақысы 70-250 мың теңге аралығында», – деді Ә. Нұркенұлы.

Naira Group компаниясының сату бөлімінің басшысы Ерлан Көпжасаровтың айтуынша, жұмысқа орналусышылар тарапынан қызығушылық бар.

«Қазір компаниямыз бойынша 3 қызмет бар: сату менеджері, технолог және дизайнер керек. Осыған байланысты мамандар іздеп келіп отырмыз. Бізге жас мамандар қажет. Еңбекақысы 90 мың теңгеден басталады. Сол үшін қазір іріктеу жасап жатырмыз», – дейді Е. Көпжасаров.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының уақытша жұмыспен қамту бөлімінің маманы Гүлнара Бірлікбаеваның сөзінше, NEET категориясындағы жастар мен жұмыссыздардың жұмысқа орналасуы үшін міндетті түрде дипломдары болуы қажет.

«Жастар тәжірибесі» жобасы бойынша диплом алғанына 3 жыл болуы керек. Осы жоба арқылы 6 ай еңбекақысын біз төлейміз. Сонда 91 мың теңге жалақы алады. Мәселен, министрлікке, әкімдікке жеке компанияларға жібереміз. Мұның пайдалы тұсы – жас маман осы уақыт аралығында тәжірибе жинап, артынша аталған мекемеге штатқа тұрады. Бұл жерде маманның жұмыс қабілеттігіне байланысты.  Біз жіберген жерлерде маман өзін жақсы жағынан көрсетсе, тұрақты жұмысқа тұра алады. Биыл осы жоба арқылы 914 жас маманды тәжірибеден өтуге жібердік. Оның 300-ден астамы тұрақты жұмысқа тұрды, яғни штатқа өтті», – деп атап өтті Г.Бірлікбаева.

Ал ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің энтомолог маманы Әлия Қаламбекқызы айтуынша, агро салаға да сұраныс жоғары. Жұмыс іздеушілер аудан, облыс көлемінде бар.

«Біз де әрбір облыста бір филиалдан бар. Әр ауданда 163 филиалымыз бар. Қазір 70-ке жуық бос вакансия бар. Агрономдар, лаборант, энтомолог, инженер, герболог және т.б. мамандар қажет. Жалақысы 84 мыңгеден басталады. Сосын еңбек өтіліне байланысты қосылып отырады», – дейді Ә. Қаламбекқызы.

Айта кетейік, аталған шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ «NS Bagdar» кәсіптік бағдар беру жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Ондағы мақсат – елорданың жоғары оқу орындары түлектерінің арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету және ісін жаңа бастаған және тәжірибелі жастарды нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету.

Барлық жаңалықтар