00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада екі автобус соқтығысып, жолаушылар зардап шекті (ВИДЕО)

24.02.2023 | 18:58
Елорда ақпарат
19

CTS компаниясының хабарлауынша, № 20 жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы жолаққа шығып кетіп, №39 автобуспен соқтығысқан.

"Полиция № 20 автобустың жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Оның жүргізушісі жол ережесін бұзғандар реестрінен табылмады. Жолаушылар көлігін 5 жылдан бері жүргізіп келеді. Рейске шығар алдында, таңғы сағат 06.00-де медициналық тексеруден өткен", - делінген хабарламада.

Компания мәліметінше, 1961 жылы және 1954 жылы туған екі әйел түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Компания жүргізушіні тәртіптік кеңеске салуды және жұмыстан шеттетуді көздеп отыр.

Барлық жаңалықтар