00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үй өртенді

24.02.2023 | 18:34
Елорда ақпарат
24

Төтенше жағдай бүгін, 19 қарашадада болды. Сағат 15:29-да Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру бөлімшелері өрт туралы хабарлама алып, Боталы көшесі, 26 мекенжайы бойынша оқиға орнына барды.

“Өрт сөндірушілер келген соң 6 минуттан кейін «Европейский» тұрғын үй кешенінің 18-қабатында, №1 кіреберісте 10-нан 14-қабатқа дейінгі шахтада электр кабельдері жанғаны анықталды. Қазіргі уақытта адамдарды эвакуациялап жатыр”, - деп хабарлады елордалық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндіру жұмыстарына департаменттің жеке құрамынан 22 адам мен алты техника жұмылдырылды.

Куәгерлердің айтуынша, үйден адамдар көмек сұрап, айқайлаған дауыстары естілген. Әзірге қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Барлық жаңалықтар