00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада өрт оқиғалары жиілеп кетті

24.02.2023 | 18:29
Елорда ақпарат
28

“Өрт оқиғаларының 40 пайызы үйлерде, әсіресе жер үйлерде болады. Оның басты себептері – қолданатын жылыту пештерінің ескіргендігі. Сондай-ақ электр сымдарының да тозығы жетуі өрттің шығуына себеп. Тұрғындардың көбі саяжайларда тұрады, ол жақта үйлер қысқы уақытта тұруға ыңғайластырып салынбаған. Біз оларға профилактикалық шаралар өткізіп, жадынама таратамыз, пешті қолдану ережелерін түсіндіреміз, сонда да өрт оқиғалары азаймай отыр”, - дейді департамент басшысы El-Orda Youtube-арнасына берген сұхбатында.  

Мұндай кемшіліктерді ТЖД мамандары жылда 15 тамызда жылыту маусымына дайындық басталғанда жүргізілетін тексерулер нәтижесінде де анықтайды. Елімізде үйдегі өрт қауіпсіздігінің бұзылуы бойынша биыл 158 мың факт тіркелсе, соның ішінде елордада 19 мың қауіпсіздік ережелерін сақтамау фактілері есепке алынған. Сол фактілердің 40 пайызы жылыту пештерінің ескіргендігімен, 43 пайызы электр сымдарының тозығы жетуімен байланысты болған.

Райхан Рахметова

Барлық жаңалықтар