00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық 190 мыңнан астам науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді

24.02.2023 | 17:32
Елорда ақпарат
23

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету осы жылдың 4 қыркүйегінен бастап, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілді.

«2021 жылдың 9 айында Нұр-Сұлтан қаласында 9,12 млрд теңге сомасына 680 381 тегін рецепт бойынша 190 313 пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Н.Қабдықапаров.

Оның ішінде:

 

Пациент

Рецепт

Сома

ТМККК

158 676

637 469            

7,6 млрд теңге

МӘМС ересектер      

14 786              

19 587

0,98 млрд теңге

МӘМС балалар     

17 003

23 325

0,48 млрд теңге

МӘМС жүйесінде, мысалы: жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 3 811 бала және төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 6 362 бала; темір жетіспеушілігі анемииясымен 782 бала; рахит ауруымен 548 бала; пневмониямен 2 183 бала; синуситпен/ бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен 525 бала, т.б. тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған.

Амбулаториялық қамтамасыз ету бұйрығына сәйкес, емхана дәріханаларында МӘМС жүйесінде тегін берілетін барлық (антибиотиктер, ыстық түсіретін препараттар, темірқұрамды препараттар, сондай-ақ басқа да спецефикалық препараттар және т.б.) қажетті дәрілер бар.

COVID-19 короновирус инфекциясымен күрес аясында амбулаториялық деңгейде (нозология: короновирустық инфекция; МӘМС - ауруханадан тыс пневмония (ересектер), балаларда – пневмония, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жіті қабыну инфекциялары бойынша, ақпараттық жүйедегі деректерге сай, 2021 жылдың 9 айында 193,4 млн теңге сомасына 55 001 рецепт бойынша 40 716 пациент антибактериалдық, ыстық түсіретін препараттармен және антикоагулянттармен қамтамасыз етілді. Оның ішінде: COVID-19 коронавирус инфекциясы (U07.1) Коронавирус COVID-19, идентификацияланбаған вирус (U07.2) диагноздары бойынша 162,8 млн теңге сомасына 31 182 рецептімен  22 409 пациент дәрілік заттармен қамтамасыз етілді.

Тегін берілетін дәрі-дәрмектер немесе МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесі, медициналық көмек алу, т.б. бойынша қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда Қордың елордалық филиалына 1406 байланыс орталығы немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы SaqtandyryBot, Қордың fms.kz сайты арқылы хабарласуға болады.

 

Барлық жаңалықтар