00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада екі адамды қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды

24.02.2023 | 17:28
Елорда ақпарат
25

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 31 қазан күні сағат 13:33-те «Kia» маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі Уәлиханов көшесінің бойымен келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен.

Онда жолдан өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қаққан. Кейін инерциямен «Лада» көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 60 жастағы жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Kia» жүргізушісі ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Барлық жаңалықтар