00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Биыл елорда әкімдігі 1,7 мыңнан астам азаматты қабылдады

24.02.2023 | 17:27
Елорда ақпарат
40

“Апта сайын өтетін онлайн қабылдауда тағы 10 отбасының проблемасын тыңдадым. Қабылдау барысында 30-дан астам сұрақ қойылды. Қазірдің өзінде келесі жылға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз: елді мекендерді дамыту, жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандар салу (қолжетімді тұрғын үй, мектептер, медициналық мекемелер), қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды абаттандыру және т.б. Қала тұрғындарынан келіп түсетін мәселелерді ескере отырып, елорданы дамыту жоспарына түзетулер енгіземіз.

Осылайша, бұрын көтерілген мәселелер негізінде бірқатар шара қабылданды: тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар санатын, оңалту орталықтарының желісін кеңейттік; инватакси санын арттырып, тұрғын үй сертификатының мөлшерін 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық; жаңа автобус маршруттарын іске қостық және т.б.

Апта сайын азаматтарды қабылдау елорда тұрғындарын әлеуметтік көмекпен көбірек қамтуға, халықпен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында биылғы 10 айда әріптестеріммен бірге 1,7 мыңнан астам қала тұрғынын қабылдадық. Қала тұрғындарының проблемаларын шешуді бақылауға аламыз”, – деп жазды А.Көлгінов.

Барлық жаңалықтар