00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық полицейлер балаларды қайғылы жағдайдан құтқарды

24.02.2023 | 17:23
Елорда ақпарат
20

Полицияның «102» арнасына сағат 21:00-де А.Иманов көшесіндегі үйдің бесінші қабатындағы ашық терезеден баланың қатты жылап, анасын шақырғаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына әкімшілік учаскенің полиция инспекторлары жедел жетті.

«Аталған факт расталды. Баланың жарты денесі терезеден жартылай шығып тұрған. Учаскелік инспектор полиция капитаны Серік Кеңесов жедел түрде бесінші қабатқа көтеріліп, есікті дауыстап қаға бастады, ал оның серіктесі полиция капитаны Жомарт Сәрсембаев жағдайды төменнен бақылап отырды. Кішкентай қыз есіктің қоңырауын естіп, терезеден түскен. Есік жабық болғандықтан, полиция қызметкері қызбен сөйлесіп, ойын ойнауға тартты. Полицей кішкентай қызға есіктің неше рет қағылғанын тапса, көптеген тәттілер әперуге уәде берген. Бұл уақытта құтқарушылар пәтерге шатыр арқылы кіріп, қызды құтқарды», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Баланың қауіпсіздігіне көз жеткізген соң полицейлер анасын бірге күтуді ұйғарған. Бір жарым сағаттан кейін сәбидің анасы келген.

Кейін анықталғандай, қыздың анасы екі және төрт жастағы балаларды сыртынан құлыптап, өз шаруасымен кетіп қалған. Полицейлер әйелге жас балаларды қараусыз қалдырмау керектігін түсіндірді.

«Ал Серік Кеңесов балақайға уәде еткеніндей, бір пакет тәтті сатып әперді. Бақытымызға орай, тапқыр полицейлер қайғылы оқиғаның алдын алды. Полицейдің өзі де бала үшін қатты уайымдағанын айтты, өйткені өзі де төрт баланы тәрбиелеп отыр», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар