00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық жүргізушілер ішімдік ішіп, жолдың қарсы бетіне шығып жарысқан

24.02.2023 | 16:57
Елорда ақпарат
46

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция  департаментінің мәліметінше, жүргізушілер мас күйде көлік жүргізіп, қарама-қарсы қозғалыс бөлігіне шығып кеткен. Оның барлығы бейнебақылау камерасына түсіп қалды.

«Аталған факті бойынша Mercedes Benz маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісіне қатысты көлікті мас күйде жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-тармағымен әкімшілік іс қозғалды. Қарама-қарсы қозғалысқа арналған жол бөлігіне шығып кеткені үшін Mercedes Benz көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 596-бабы 3-тармағымен әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ жүргізушінің үстінен ҚР ӘҚБтК 595-бабы 1-тармағы және 630-бабы 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды», – дейді аталған ведомство.

Бұдан бөлек, Mercedes Benz көлігінің 31 жастағы жүргізушісіне, сонымен қатар Toyota Camry, BMW, Mercedes Benz маркалы көлік иелерінің үстінен әкімшілік іс қозғалып жатыр. Ал олардың көліктері коммуналдық тұраққа қойылды.

Барлық жаңалықтар