00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Р.Қошқарбаев – Иманақ көшелерінің аралығы уақытша жабылады

24.02.2023 | 16:49
Елорда ақпарат
37

Әл-Фараби даңғылының жүріс бөлігін кеңейту шеңберінде Р.Қошқарбаев даңғылы мен әл-Фараби даңғылының қиылысында орналасқан көлік айрығынан Иманақ көшесіне дейінгі учаскеде (Теміржолшылар ТА) теміржолдарды кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Осыған байланысты осы жылдың 25-28 қазан аралығында көрсетілген учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады.

"Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Барлық жаңалықтар