00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық еріктілер халық санағынан өтуге көмектеседі

24.02.2023 | 16:41
Елорда ақпарат
31

"Astana Jastary" КММ еріктілері алдағы екі аптада үйлерді аралау қарқынын арттыруға ниетті. Оқушылар мен студенттер буклеттерді Нұр-Сұлтанның барлық төрт ауданында, сондай-ақ Үркер-Ильинка тұрғын алабында, "Пригородный", "Оңтүстік-Шығыс" және "Шұбар" шағын аудандарында таратуды жоспарлап отыр.

"Халық санағы Қазақстанның барлық тұрғындарына қатысты. Біздің іс-шара елордалық Статистика департаментімен бірлесіп өтуде. Бұл акцияның ерекшелігі – біз азаматтарға санақ туралы ақпаратты тікелей үйден алуға мүмкіндік береміз. Буклеттерде интервьюер қандай күндері келеді және онлайн форматта халық санағынан қалай өту керектігі жазылған. Еріктілердің міндеті – адамдар жобаның маңыздылығын түсінуі үшін ақпаратты жеткізу", - деді ерікті Дамир Айтымов.

Еріктілер мұндай іс-шаралар өздерінің таным көкжиегін кеңейту үшін өте пайдалы деп санайды.

"Біз қаладағы жаңа жерлерді білдік, адамдармен сөйлесе бастадық, адамдардың санақтан қалай өтетіні туралы көптеген ақпарат білдік. Бұл пайдалы, өйткені мен бұған дейін мұндай шараларға қатыспаған едім. Бұл қоғамға пайда әкелетін қызықты тәжірибе", - деді ерікті Әмина Алпысбай.

Естеріңізге сала кетейік, 16 қазаннан бастап Қазақстанда онлайн санақ науқаны аяқталды. 45 күн ішінде 39,6% немесе 7 527 458 адам қамтылды. Сұхбат алушылардан 3 миллион 792 мыңнан астам адам сұралды. Жалпы санақтан халықтың 60% өтті.

Интервьюерлердің үйлерді офлайн аралау жұмыстары 30 қазанға дейін жалғасады.

Ұлттық статистика бюросы онлайн санақтан өткендерге интервьюерге хабарлама нөмірін көрсету қажет екенін еске салды. Олар қайтадан сұралмайды.

Интервьюерлерді санақтың логотипі бар көк түсті шарфы мен сөмкесінен тануға болады, бұдан басқа, олардың әрқайсысында планшет және интервьюер куәлігі болуы тиіс. Куәлікте көрсетілген тіркеу нөмірі бойынша sanaq.gov.kz сайтынан интервьюердің жеке басын тексеруге болады. Сондай-ақ мұны 1446 нөміріне қоңырау шалу арқылы да білуге болады.

Барлық жаңалықтар