00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астана туралы Жарлық: Ұлылар үндестігі

24.02.2023 | 16:38
Елорда ақпарат
62

Әлиханның әулиелігі

Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның ел ішінде «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш-Баян сұлуды» шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау!» деген сөзі қалған...

Сәтбаевтың сұңғылалығы

Ал 1946 жылы ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаев Алматыдағы Ғылым академиясы ғимаратының құрылысына кіріспес бұрын мәскеулік академик Александр Щусевке барып, жаңа ғылым сарайының жобасын жасап беруін сұрайды.

Сонда Щусев:

«Қаныш Имантайұлы, ең әуелі бұл уақытша баспана ма, әлде мәңгілік ғимарат па, алдымен соны шешу керек. Өйткені Алматы мәңгілік астана бола алмайды. Егер болашақ астаналарыңыздың атын атасаңыздар, сол жердің табиғаты мен жамиғатына лайық етіп, болашақты ойлап жоба жасар едім», - дейді.

Содан Сәтбаев Қазақстан Орталық Партия Комитетінің өндіріс жөніндегі хатшысы Ибрагим Тәжиевке кіріп, болған істің мән-жайын түсіндіреді. Тәжиев ұсынысты қолдап, енді қай қалаға тоқтағанын сұрағанда Қаныш Ақмоланы атапты. Осыдан кейін екеуі Орталық Партия Комитетінің бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметовке келеді.

Шаяхметов оларға қарата:

«Ұсыныстарыңыз өте жақсы, бірақ соғыс жаңа бітті. Астананы көшіреміз деп Мәскеуге бара алмаймын. Ол – сәті түссе, болашақтың ісі», – деп жауап берген екен.

Енді міне, арада 75 жыл уақыт өткеннен кейін болашақтың ісін баянды ету Тұңғыш Президенттің бағына бұйырғанына куә болып отырмыз.

Бауыржан Сегізбаев

Барлық жаңалықтар