00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алтай Көлгінов Париждің вице-мэрі Арно Нгатчамен кездесті

24.02.2023 | 16:22
Елорда ақпарат
32

“Париждің вице-мэрі Арно Нгатчамен бірге мәдениет, экология, көгалдандыру салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, энергия үнемдеу технологияларын енгізу мәселелерін талқыладық.

Сонымен қатар, білім саласына да тоқталдық. Жеке инвестициялар есебінен салынатын мектеп құрылысын талқыладық.

Мұндай кездесулер ынтымақтастықты жандандыруға, жеке инвестициялар тартуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Мысалы, осы жылдың 9 айында қала экономикасына 730 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тарттық. Елордаға, қала тұрғындарына қажетті жобаларды қашанда қолдауға дайынбыз”, – деп жазды А.Көлгінов.

Барлық жаңалықтар