00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада қоғамдық көліктерде жол ақысын банк картасы арқылы төлеуге болады

24.02.2023 | 16:18
Елорда ақпарат
42

«CTS» компаниясының мәліметінше, пилоттық режимде іске қосылатын бұл жаңашылдық 31 қазанға дейін жалғасады.

«Нұрсұлтандықтар мен шаһар қонақтары VISA және Mastercard карталары, сондай-ақ «NFC» жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы төлем жасау мүмкіндігіне ие болады. Транзакция үшін оларды валидатордың жанында орналасқан арнайы терминалға тигізу жеткілікті», - деді компания өкілдері.

Автобустар арнайы сәйкестендіру жапсырмаларымен ерекшеленеді. Банк картасымен төлеу кезіндегі жол жүру құны өзгеріссіз қалады.

Пилоттық жоба банк картасымен жол ақысын төлеу валидаторларын сынақтан өткізуге мүмкіндік береді. Кейін бұл қызмет барлық автобустарда қолжетімді болмақ.

Айта кетейік, пилоттық жоба №61 қалалық бағыттағы үш автобуста, сондай-ақ қала маңына қатынайтын №309, 310, 315 бағдарларда жүзеге асырылады.

Барлық жаңалықтар