00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық оқушыларға арнап Сейфуллин музейінде тегін экскурсия ұйымдастырылды

24.02.2023 | 16:15
Елорда ақпарат
42

«Бүгінгі іс-шараның тәлім-тәрбиесі мол деп ойлаймыз. Өйткені Сәкен Сейфуллиннің көзі көрген, қолы тиген жәдігерлермен жақынырақ танысып, оның тарихына үңілудің сәті туды. Оқушылар да, жобалық кеңсеміздің қызметкерлері де бүгінгі экскурсия барысында тың дүниелерге қанығып, білім көкжиектерін кеңейтті», – дейді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесінің PR және медиакоммуникациялар орталығының қызметкері Раушан Арманқызы.

Аталмыш музей қызметкері Кәмила Үйсенбаеваның айтуынша, тегін экскурсия мұнымен бірінші рет ұйымдастырылып отырған жоқ.

«Елордадағы әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға да тұрақты түрде тегін экскурсия ұйымдастырылып тұрады. Музейге кіру құны да негізі қымбат емес. Есігіміз кез келген адамға ашық. Музей дүйсенбіден басқа барлық күндері, сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді», – дейді ол.

Айта кетейік, бұл іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында ұйымдастырылды.

Барлық жаңалықтар