00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада Мырзатай Жолдасбековпен кездесу кеші өтті

24.02.2023 | 16:14
Елорда ақпарат
43

Шараны белгілі ғалым, руханият жанашыры, академик Сүндет Каримов жүргізді. 

«Атанғаным Мырзатай – ел арқасы» бейне фильмінен үзінді көрерменге көрсетілді. Онан соң сөз алған Мырзатай Жолдасбеков кітапханашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, өлең сөзбен өрілген өмір жолынан естеліктермен бөлісті.

Кездесу барысында ұлттық құндылықтар, қоғамдық сана, рухани жаңғыру, салт-дәстүр, ата-баба қасиеттері, этнография, ғылыми мұра, әдебиеттану, ғалым, түркология тағы басқа да ойлар туралы пікірлер болды.

Ғалым өзінің басынан өткен қызықты оқиғаларды еске алды. Жыр алыбы Жамбылдың шығармаларынан үзінділер айтып, әңгімелерін баяндады.

Сонымен қатар Мырзатай Жолдасбековтің сөзіне жазылған «Сағынып сәлем жаздым Мырзатайға» әнін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жазгүл Даулбаева және күйші Ардаби Мәуліт «Қосбасар-толғау» күйін кеш қонақтарына тарту етті.

Кездесу соңында М.Жолдасбеков өз қолтаңбасын қалдырып бірнеше кітабын сыйға берді. Кітапхана директоры Гүлбадан Сақтапқызы кітапхана ұжымы атынан алғыс білдіріп, «Қазақ музыкасының антологиясы» шығармасын сыйлады.

Барлық жаңалықтар