00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елорданың білім беру ұйымдарында санитариялық шаралардың сақталуы талқыланды

24.02.2023 | 16:12
Елорда ақпарат
40

Жиын барысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларымен ұйымдарда және оған жақын аумақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйелерін толығымен Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосу және COVID-19-дың алдын алу және оның таралуына жол бермеу үшін күнделікті санитарлық-профилактикалық шараларды күшейту мәселелері талқыланды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы басты міндет екенін айрықша атап өтті.

«Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру өте маңызды. Қазіргі уақытта қала тұрғындарының 68%-дан астамы КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды. Толық иммундаудан 405 мың азамат өтті. Бүгінде елордада вакцинация пункттері 36 медициналық мекемеде, 5 сауда орталығы мен теміржол вокзалдарында және Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында егу пунктері ұйымдастырылған. Бұл шаралардың бәрі халыққа екпе алуға ыңғайлы болу үшін қабылданып жатыр», - деді А. Оралов.

Жиын барысында білім беру ұйымдарындағы «Ashyq» қосымшасы режимінің сақталуы және қызметкерлердің вакциналану статусы, дезинфекциялау режимінің сақталуы, маска режимі және әлеуметтік қашықтықтың сақталуын қамтамасыз етуі де қозғалып өтті. Сол сияқты оқу процесінде студенттерге коронавирустан қорғау жүйелері, яғни термометрлерді, рецеркуляторларды, санитайзерлерді және жеке қорғаныс құралдарын қолданудың маңызды екеніне назар аударту, жатақханаларда эпидемияға қарсы шаралар кешенін тұрақты жүргізу, тұрғын жайларды үнемі желдету, жатақханаларда тұратындардың байланысын барынша азайту мәселелері талқыланды.

Осыған байланысты білім беру ұйымдарының әкімшілігіне қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инфекцияның таралуын болдырмау шараларын күшейту тапсырылды. Тиісті тексерулерді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер ары қарай да жалғастырады.

Айта кетейік, вакцинация COVID-19 вирусымен күресудің ең тиімді жолы болып саналады.

Барлық жаңалықтар