00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық студенттер Түркияда тағылымдамадан өтті

24.02.2023 | 15:59
Елорда ақпарат
47

"ҚазТБУ" АҚ мен Анталья Билим университеті арасында TELP туризмді эксперименттік оқытудың халықаралық бағдарламасын іске қосу туралы хаттамаға қол қойылды. 

TELP бағдарламасы бойынша келісімнің серіктесі Rixos қонақүйлер желісі (Түркия) болды. Хаттама аясында туризм және гастрономия бойынша білім беру теориялық курстарын қоса алғанда, студенттердің Rixos қонақүйлері базасында практикадан өтуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Бұл бағдарлама халықаралық тәжірибе алу үшін іске асқан болатын. Біздің ҚазТБУ, Анталья Билим университеті және Rixos қонақүйі өзара келісімшарт жасады. Бағдарлама бойынша студенттер Түркия елінде 3 ай мерзімде болып тәжірибе алмасып, білім алып келді. Университеттен 80 студенттің кандидатурасы ұсынылды, соның нәтижесінде "Туризм", "Халықаралық туризм" және "Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі" ББ 2 және 3-курстарының 48 студенті іріктелді. Жауапты оқытушылар ретінде экономика ғылымдарының магистрі, "Экономика, есеп және аудит" кафедрасының аға оқытушысы Инара Сарыбаева және ақыл әдіскері Әсет Закиров жіберілді. Халықаралық тағылымдамадан өту бағдарламасының басты мақсаты – студенттердің тәжірибелік біліктілігін арттыру»,  деді Экономика және сервис факультетінің деканы, экономика ғылымдарының кандитаты Алмагүл Нұрғалиева. 

ҚазТБУ білім алушылары қонақүйдің Kitchen (аспаздық), F&B (даяшылар), Reception (ресепшн), Front office (кеңседегі жұмыс), Guest relations (қонақтарға кеңес беру), Housekeeping (бөлмелердегі тәртіпті бақылау) және Laundry (кір жуу бөлмесі) сияқты бөлімдерінде тағылымдамадан өтті. 

«Осы жылдың жазында біздің университеттің студенттеріне  Түркия еліне барып білім алмасу мүмкіндігі туды. Біз ол жақта Rixos Sungate қонақүйінде болдық. Жеке өз басым асхана желісінде жұмыс атқардым. Шыны керек, бастапқыда қиындықтар болды. Тіл білмеу, тәжірибеміз болмау және онлайн білім алу барысында туған кемшіліктер кедергісін келтірді. Дегенмен де түрік халқының мейірімді және қонақжай халық екенін көрдік. Болашақта туризм саласында қызмет еткім келгендіктен бұл білім алмасу сапары маған оң әсер етті. Осындай мүмкіндікікті сыйлаған университет басшылары мен ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді», — деді 3-курс студенті Ботагөз Амангелді. 

Студенттердің бастамасымен әр сенбі сайын субтитрлермен түрік фильмдерін көру кеші және жексенбіде Түрік сөйлеу клубы (түрік тілінде сөйлеу клубы) өткізіліп, мәдени бағдарлама - Tazı Kanyon каньонына бару ұйымдастырылды.

Бұл тағылымдама бағдарламасының басты артықшылығы – Abu TELP бағдарламасын сәтті аяқтаған ҚазТБУ студенттері Rixos қонақүйлерінде, ең алдымен Қазақстанда, сондай-ақ Rixos қонақүйлер желісі ұсынған әлемнің кез келген елінде жұмысқа орналасу кезінде басымдыққа ие болады.

Барлық жаңалықтар