00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

"Жастар жалыны-2021" байқауына өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр

24.02.2023 | 15:29
Елорда ақпарат
42

Ауқымды жобаға қатысуға өтінімдер 11 қазанға дейін қабылданады.

Байқау 10 номинация бойынша өткізіледі. Оның ішінде: эстрада, ұлттық би, заманауи би, музыкалық аспаптар, айтыс, поэзия, медиа, театр, сурет салу, жастардың күші.

Конкурсты Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырады.

Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан-2050" Стратегиясында 2021 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасында көрсетілген жастар саясаты саласындағы басымдықтар мен міндеттерді іске асыруға; елорда жастарының шығармашылық дамуы үшін жағдай жасауға; студент жастардың рухани-мәдени әлеуетін дамытуға; студенттерді эстетикалық және этикалық тәрбиелеу жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Байқауға КВИ-ға қарсы вакцина алған елордалық ЖОО-ның 29 жасқа дейінгі студенттері қатыса алады.

"Жастар жалыны-2021" конкурсант білім алатын ЖОО-ның жастар ісі жөніндегі комитеті арқылы жүзеге асырылады.

Салтанатты ашылу 11 қазанда өтеді, ал жеңімпаздардың есімдері 16 қазанда өтетін гала-концертте белгілі болады.

Барлық жаңалықтар