00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық алаяқ ойын-сауық орындарынан ақша бопсалаған

24.02.2023 | 15:23
Елорда ақпарат
40

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Денсаулық сақтау министрлігі ведомстволық бағынысты ұйымының жалдамалы қызметкерін әшкереледі. Ол өзін мониторинг тобының мүшесі ретінде таныстырып, ойын-сауық орындарының иелері мен әкімшілерін карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату мүмкіндігі мен өкілеттігі бар екенін айтып, жаңылыстырған» делінген хабарламада.

Агенттіктің мәліметінше, күдіктіге сенген ойын-сауық орындарының өкілдері ай сайын оған жалпы қамқорлығы үшін және карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершіліктен бас тартқаны үшін ақша төлеген.

Қазір бұл іске өзге лауазымды тұлғалардың қатыстылығы тексеріліп жатыр. Күдікті қамауға алынып, сот оның үстінен «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау санкциясын қабылдаған.

Барлық жаңалықтар