00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада 1 884 тұрғын жаңа пәтерге қоныстанды

24.02.2023 | 15:22
Елорда ақпарат
35

Су жаңа кешенде 1 884 пәтер бар.

«Мұны тұрғын үй кешені дегеннен гөрі микроаудан десек те болады екен. Бұл аумақта келесі жылы жаңа мектеп бой көтеретін болады. Қазірдің өзінде жаңа автобус бағыты ұйымдастырылды. Балабақша, медициналық орталық секілді басқа да әлеуметтік маңызды ұйымдар бой көтереді. Абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Яғни тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне барынша жағдай жасалады», – деді елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов.

Бүгін қоныс тойын тойлап жатқандардың бірі – елордадағы №65 мектептің технология пәні мұғалімі Ағила Ғаниқызы.

«Елордаға 7 жыл бұрын көшіп келгенмін. Қаладағы зәулім көпқабатты үйлерді көріп, «Шіркін, менің де өз баспанам болса ғой» деп қатты армандайтынмын. 2014 жылы 28 тамыз күні Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот аштым. Аз-аздан ақша құйып тұрдым. Негізі мемлекеттік бағдарлама шарты бойынша пәтер құнының 10%-ын салу жеткілікті екен. Мен 20%-ын жинадым. Ниет етсең, түбі жетесің ғой. Енді бүгін, міне, бірбөлмелі пәтерге қол жеткіздім», – дейді жас ұстаз қуаныштан жүзі бал-бұл жанып.

Қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимовтың айтуынша, Нұр-Сұлтанда бес жыл ішінде 50 мың тұрғынды баспанамен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 6 мың тұрғынға пәтер кілті берілді, енді қалған 4 мың астаналық жыл соңына дейін жаңа пәтерге кіретін болады.

Барлық жаңалықтар