00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін бірнеше бағытта жұмыс жүргіземіз – Алтай Көлгінов

24.02.2023 | 15:14
38

«Қатысушылардың санын және «Айналым тетігі» жобасы бойынша сауда желілеріне бөлінетін соманы көбейтеміз, маусымдық жәрмеңкелер өткіземіз, жеке инвестициялар есебінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет бірқатар ірі жоба құрылысын жүргіземіз. Осыған орай сауда желілерінің, базарлардың, өнім өндірушілердің өкілдерімен кездестім», - деді Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, біріншіден, «Айналым тетігі» жобасы аясында азық-түлік сатып алуға желі сатушыларына 2,7 миллиард теңге бөлінбек. Жобаға «Magnum», «Анвар», «Астықжан», «Кенмарт», «Вкусмарт», «Аян», «Ақмол», «Шапағат», «Small», «Сарыарқа» базарлары мен бірқатар дүкен қатысады. Ол үшін жыл сайын қаржыландыру көлемі де артатын болды.

«Екінші. Ет, көкөніс, бакалея және сүт өнімдері бойынша бірқатар өндірушімен, жеткізушілермен шарттар жасастық. Сондай-ақ шамамен 14 мың тонна көкөніске келісімшарт жасалды. Көкөністерді, ұнды, сиыр етін және т.б. қосымша сатып алу мәселесін пысықтап жатырмыз.

Үшінші. Ауылшаруашылық жәрмеңкелерді жиі өткізу бағаны ұстап тұруға, нарықтағы бағадан арзан сатылатын өнімді ұсынуға, нарықты өнімдермен қамтамасыз етуге көмектеседі. Ел өңірлерінің қатысуымен жәрмеңке 22 тамызда басталып, қазан айының соңына дейін жалғасады. Өткен жәрмеңкелерде 2 мың тоннадан астам өнім сатылды.

Төртінші. Жеке инвестициялар есебінен азық-түлікті қамтамасыз ету үшін бірқатар ірі, маңызды жобаның құрылысы жүріп жатыр. Олардың қатарында үш көтерме-тарату орталығы, екі жылыжай кешені, нан-тоқаш комбинаты бар. Сонымен қатар сүт өңдеу зауыты, нан-тоқаш комбинаты, көкөніс қоймасы сияқты өндірістік-тамақ кешендерінің құрылысна қолдау көрсетілді», - деп атап өтті елорда әкімі.

Қорыта айтқанда, бұл шаралар азық-түлік қауіпсіздігін және нарықты жергілікті тауармен қамтамасыз етуге, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар