00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елорда оқушылары қосымша біліммен толық қамтылатын болды

24.02.2023 | 14:54
Елорда ақпарат
40

Қазір қосымша біліммен қаладағы оқушылардың 73 пайызы қамтылған. Оның 41 пайызы спорт секцияларына барады.

«Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған балалар үйірмелері мен секцияларының қызметін жандандыру қажеттілігін іске асыру аясында 4 орталық ашылды. Қазір қаламызда қосымша білім беретін 11 ұйым жұмыс істейді. Олар – 2 оқушылар сарайы, 3 музыкалық мектеп, 2 өнер мектебі, «Шығыс» балалар мен жасөспірімдерге арналған орталық», - дейді қалалық білім басқармасының баспасөз хатшысы Алтынай Жанғазиева.

Қыркүйек айындағы мәлімет бойынша, бұл орталықтарға 25 мыңнан астам бала барады. Олардың арасында №2 өнер мектебінің тәрбиеленушілері де бар. Онда қазір 800-ден астам бала вокал, хореография, көркем сурет сынды түрлі бағыттар бойынша өздерін дамытып жүр. Олардың барлығы оқушылардың сабақтан тыс уақытында өтеді. Бір баланың бірнеше бөлімде оқуына да мүмкіндік бар. Оқу – ақылы. Бірақ әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасының балаларына жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға дәріс – тегін.

«Тыңдаймыз, консультациядан өткіземіз. Себебі кейбір ата-ана өз баласының бойындағы қабілетті толық білмеуі мүмкін. Сондықтан мамандар ақыл-кеңестерін айтады. Міне, осы екі айдың ішінде біз балаларды мектепке қабылдаймыз», - дейді №2 өнер мектебінің директоры Гүлмира Жангелді.

Білім басқармасының мәліметінше, биыл оқушылар үшін елордада 90 үйірме ашу көзделген. Онда қосымша білім алуға бөлінген мемлекеттік тапсырыс бойынша 5 мың баланы қамту жоспарланып отыр.

Барлық жаңалықтар