00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Биыл педагогтердің тамыз конференциясы ерекше форматта өтеді

01.08.2023 | 15:00
65
фото: egemen.kz

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтің қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info.

«Мектепке жол» тақырыбында өткен брифингте басқарма басшысы дәстүрлі педагогтердің тамыз конференциясы туралы айтты.

Биыл тамыз конференциясы ерекше форматта ұйымдастырылады. Пленарлық отырыс 25-ші тамызға жоспарланып отыр. 24-ші тамыз күні секциялық отырыстар болады. Аталған конференциядан бөлек, 14-ші тамыз бен 25-ші тамыз аралығында «Елордалық білім» атты апталық өткіземіз. Онда жаңа оқу жылы қарсаңында күрделі мәселелерді педагог және эксперттермен талқылап, шешу жолдарын қарастырамыз,- деді Қасымхан Сенғазыев.

 

Барлық жаңалықтар