00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Еліміздің үздік мұғалімдері миллион долларға бақ сынасады

10.05.2024 | 20:07
126
Үздік мұғалім
фото: egemen.kz

National Teacher Prize Kazakhstan «Қазақстан Мұғалімі» 2024 Ұлттық сыйлығына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл бірегей іс-шара мұғалімдердің көрнекті жетістіктерін атап өтіп қана қоймай, сонымен қатар бүкіл Қазақстан бойынша оқытудағы шығармашылық әлеуетті ынталандыруға, жаңа құзыреттер мен мүмкіндіктерді қалыптастыруға арналған.

Кім қатыса алады?

Бастауыш және орта мектептің әрбір мұғалімі  Сыйлыққа қатысып, еліміздің үздік мұғалімдерінің қатарына қосылу мүмкіндігіне ие бола алады. Үздіктердің үздігі, ТОП-10 мұғалім әлемдік деңгейге өтіп, "Әлем мұғалімі" Жаһандық Сыйлығына үміткер болады. Үздік мұғалімдер Жаһан Сыйлығының бас жүлде қоры – 1 миллион долларға таласады!

Қатысуға қашан және қалай өтініш беруге болады?

Өтінім беру 2024 жылдың 22 сәуірінен 22 маусымына дейін ашық болады. Қатысу үшін әрбір үміткер Сыйлық веб-сайтында https://www.teachers-summit.org өтінім формасын толтырып, бейнеролик және шығармашылық эссе бекітуі керек. Сондай-ақ, комиссияның іріктеуінен өту үшін  қатысушылар келесі шарттарға сай болуы керек:

  • кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • алдағы 5 жыл ішінде оқытушылық қызметте қалуды жоспарлау;
  • 5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға сабақ беретін мұғалім болу,
  • Балаларды бетпе-бет оқытуға аптасына кемінде 10 сағат жұмсау;
  • Осыған дейін Сыйлық жеңімпазы болмау;
  • Осыған дейін Сыйлықтың ТОП-10 финалист қатарында болмау.

Бұған дейін қазақстандық ұстаздар әлемнің ТОП-50 мұғалімінің қатарына екі мәрте енген болатын, енді еліміз межені бұдан да жоғары көтеруге дайын. Биылғы Жүлде Қоры рекордтық 20 миллион теңгені құрап, бұл шараның маңызы мен мәнін айқындайды.

Барлық жаңалықтар