00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Жоғары оқу орындарының рейтингі жарияланды

12.03.2024 | 16:00
57
Фото: aikyn.kz

Академиялық адалдық лигасы еліміздегі жо­ға­ры оқу орындарының рейтингін жариялады. Бұл рейтинг білім беру бағ­дарламаларының тиімділік көрсет­кіштеріне негізделген, деп хабарлады Elorda.info.

Академиялық адалдық лигасының рейтинг нәти­­­жесіне негізделе жасалған еліміздің ТОП-10 университеті: 1)Нархоз университеті - 91,18%;  2)Maqsut Narikbayev University - 90,28%;  3)КИМЭП Университеті - 90,16%;  4)Қазақстан-Британ техникалық университеті - 85,93%;  5)С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті - 78,84%;  6)Astana IT University – 78,04%;  7)Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - 76,78%;  8)Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті - 76,17%;  9)Сүлейман Демирел атындағы Университет - 74,27%;  10)Қазақстан - Германия университеті - 71,28%. 

ЖОО-дың рейтингтегі орны - оның білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. Тиімділік пайызын есептеу кезінде ұқсас бағдарламаларды ұсынатын басқа оқу орындарының санын ескере отырып, оның білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін айқындайды. 

Рейтинг нәтижелері ақпараттық-талдамалық дашборд форматында ұсынылған. Оның көмегімен та­лапкер рейтингтегі жоғары оқу орындарының по­зицияларымен танысып қана қоймай, сондай-қа орташа жалақы, жұмысқа орналасудың орташа деңгейі және түлектердің жұмыс іздеу ұзақтығы бойынша жоғары оқу орындарының нақты білім беру бағдарламаларын салыстыра алады. Бұл университет пен мамандықты таңдау кезінде дұрыс шешімді қабылдауға көмектеседі. 

Барлық жаңалықтар