Наурыз айындағы ҰБТ: 13 мыңнан астам талапкер тест тапсырды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/bf43d1fc7d3d1d4bf02c92aadf9b9767_xl_1651215143_fe05453714.jpg)
ҰБТ басталғалы шекті балды 60% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 59 балды құрады. Ең жоғары балл – 137.
Наурыз айындағы ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Тестілеу 30 наурызға дейін өтеді. Тестілеуге қатысуға 118 505 өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 17,11%-ы «Математика-Физика» пәндер комбинациясын 15%-ы шығармашылық бағытты таңдаған. 14%-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 27 адам тапсырған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға бірінші аптада 43 талапкер қатысқан.
Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Бүгінгі таңда 9 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 11 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ, - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратында.
Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.
![](/img/articles/d224f27c1bd466b4f4708cba9de57925.jpg)
![](/img/articles/8deba38a92899bcb7b4ed94940f9e468.jpg)
![](/img/articles/3db68035f3401071b12baa3aa2906c19.webp)
![](/img/articles/7361774471a524693d248c3c8f57d6f6.jpg)
![Астана әкімдігі 1 200-ге жуық білім грантын бөлді](/img/articles/d224f27c1bd466b4f4708cba9de57925.jpg)
![Павлодар облысында балалардың шығармашылығын дамытуға арналған 3 орталық ашылады](/img/articles/8deba38a92899bcb7b4ed94940f9e468.jpg)
![Ақмола облысында тағы бір мектеп бітіруші ҰБТ-дан 140 балл алды](/img/articles/3db68035f3401071b12baa3aa2906c19.webp)
![Оқушылардың оқу және демалыс уақыты белгіленді](/img/articles/7361774471a524693d248c3c8f57d6f6.jpg)
![Шығармашылық сала мамандарын даярлауға 1 600-ден астам білім гранты бөлінді](/img/articles/ea0e608fa8febe0e66639828a5437231.jpg)
![Баланы мектепке дайындайтын бағдарлама әзірленді](/img/articles/949c73fe29bb52e55b7011e05051d8f6.jpg)
![40 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысу үшін құжаттарын тапсырды](/img/articles/6daf879128c3edfd99d47c17f7bf1868.jpeg)
![Колледж студенттері жеке стартап жобаларын бастады](/img/articles/86075974b38ae981f7ade98a08a800c1.jpg)
![ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек қайда білім алатынын айтты](/img/articles/d6a0d7980ec46b0d9d48a31c2ad9f096.webp)
![Балаларға арналған инфрақұрылым қауіпсіздік талаптарына сай болуы керек – Бектенов](/img/articles/d600c6bddd70236e5c759c94a710b80d.jpg)
![5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырады](/img/articles/uploads/636cce6ba8360010528550_0ae21b35f9.jpg)
![Педагогтердің аттестациядан өту тәртібінде қандай өзгерістер бар](/img/articles/uploads/630ee3883b61a087127107_45c9bab3f0.jpg)
![Елімізде ағылшын тілін үйрену нешінші сыныптан басталады](/img/articles/uploads/62f22343405aa087105560_3732954a31.jpeg)
![Ақиық ақын атын арқалаған білім ордасы](/img/articles/uploads/63e4811c2fb71250656640_ebea37f274.jpg)
![Елімізде педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды](/img/articles/e653eb7b9da3dc4629d0f4b0016f2bbd.jpeg)
![Жыл соңына дейін ұлттық жасанды интеллект платформасы әзірленеді](/img/articles/uploads/int_3e45d47d3c.jpg)
![ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі жарияланды](/img/articles/uploads/kesteshka_30f3eb360c.webp)
![Еліміздің үздік мұғалімдері миллион долларға бақ сынасады](/img/articles/3a908d1fa048faf404b5a7582c153206.jpg)
![Елордада «BIG THINK» жастар форумы өтті](/img/articles/uploads/fm_53045e9a47.jpg)
![ҰБТ-2024: Түлектер қай пәндерді көп таңдайды?](/img/articles/uploads/1200xauto_H_Fc36jau_Nl_Nm_Bcs_M_Pls_Dkf_Lo_VU_4_Ouo_ZQ_8b3_W36_G6_2239bc7b6d.jpg)