00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елімізде ғылыми-зерттеу академиялық хабы құрылады

15.03.2024 | 03:34
85
Фото: gov.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі елімізде ғылыми-зерттеу академиялық хаб құру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Оның мақсаты – 2 миллиардқа жуық халқы бар елдердің өңірлерінен жастарды тарту.

Бұл жоба жоғары оқу орындарын интернационалдандыруды, шетелдік оқу орындарының филиалдарын ашуды, қаржылық және нормативтік қолдаудың жүйелі шараларын әзірлеуді қамтиды. Лицензиялауға және болашақ академиялық орталықтың жаңа заңнамалық базасын қалыптастыруға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының инфрақұрылымына қомақты инвестиция салуға ерекше назар аударылады.

Осы күш-жігер аясында Колумбия университетінің халықаралық және қоғаммен байланыс мектебінің магистранттары (The School of International and Public Affairs) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі үшін зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін министр Саясат Нұрбекке таныстырды. Бұл жобаның белсенді бастамашысы «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, SIPA магистранты Данат Байбулов болды, - делінген хабарламада

Зерттеу шетелдік студенттерді Қазақстанға тартуға және елді білім беру орталығы ретінде қалыптастыруға көмектесетін негізгі факторларды анықтауға бағытталған.

Негізгі 6 аспектіге назар аударылады: білім сапасы, қолжетімділік, ғылыми зерттеулер мен инновациялар деңгейі, интернационалдандыру, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және мемлекеттік қолдау.

Зерттеудің соңғы нәтижелері мен ұсыныстары алдағы айларда жарияланады деп күтілуде. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған Қазақстанның стратегиялық мақсатын жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам болмақ.

Барлық жаңалықтар