00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

«Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауында 168 оқушы бақ сынайды

11.05.2023 | 22:30
52
Фото: дереккөз

Маңғыстау облысында 8-11-сынып оқушылары арасында республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсы басталды, деп хабарлады Elorda.info.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға еліміздің әр өңірінен 168 оқушы қатысып жатыр. Олар Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқып, сахналап, өнерлерін көрсетеді. Сондай-ақ ғылыми жоба қорғап, илюстрациялық сурет салудан да сынға түседі.

Олимпиада аясында қатысушылар қарымды қаламгердің жүріп өткен жолы мен шығармашылық мұрасымен танысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Оқу-ағарту министрлігінің диплом, грамоталарымен марапатталады.

Айта кетейік, «Әбіш оқулары» 2018 жылдан бастап республикалық деңгейде өткізіліп келеді.

Барлық жаңалықтар