00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды

11.07.2023 | 12:00
47
Фото: дереккөз

Қазақстандық оқушылар Эль-Айн қаласында (БАӘ) өткен биология бойынша 34-ші халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

IBO 15 пен 21 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған ғылыми жарыс, 1990 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биылғы жарысқа әлемнің 79 елінен 316 оқушы жиналды.

Еліміздің атынан Астана және Алматы қалаларының 4 оқушысы қатысып, барлығы да олимпиаданың жүлделі орындарын иеленді.

Медальдар қоржынын екі күміс жүлдемен Омар Дінмұхаммед пен Бақдәулет Ерназаров толықтырды. Ал, қола медальді Ғалымжан Бақтыбай мен Ислам Амангелді алды, - дейді «Дарын» РҒПО зияткерлік іс-шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің әдіскері Гүлсара Мұқаш.

Халықаралық комитеттің шешімімен биология бойынша 35-ші Халықаралық олимпиада келесі жылы (IBO-2024) Қазақстанда ұйымдастырылаын болды. Біздің еліміз бұл олимпиаданы алғаш рет өткізгелі.

Барлық жаңалықтар