00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстандық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасында 6 медаль еншіледі

15.05.2023 | 18:30
56
Фото: дереккөз

40-шы Балқан математикалық олимпиадасы Түркияның Анталия қаласында өтіп, Балқан түбегінің 22 елінен және қонақ мемлекеттерден 130-дан астам оқушы қатысқан болатын, деп хабарлады Elorda.info.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан атынан барған 6 оқушы да медальға ие болды.

Олар: 

Байшуак Райымбек – Алматы қ. Республикалық физика-математикалық мектебінің 11 сынып оқушысы;

Юркевич Мирон - Алматы қ. Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы;

Жан Даутов – Қостанай облысы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

Марғұлан Шарел– Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы; 

Нағашыбек Мухаммед – Астана қ. «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

Владимир Роговский – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.

Айта кетейік, 40-шы Балқан математикалық олимпиадасының мақсаты – математика пәнінен дарынды оқушыларды ынталандыру және дамыту, қатысушы елдер арасында мектеп бағдарламалары мен тәжірибелері туралы ақпарат алмасу үшін мүмкіндіктер жасау. Сондай-ақ Халықаралық математика олимпиадасына (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау.

Барлық жаңалықтар