00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада педагогтарға арналған тамыз конференциясы өтеді

12.08.2023 | 04:30
62

Астана қаласы мен республика педагогтеріне арналған қалалық және республикалық тамыз конференциясы «Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыбы аясында «Жайлы инфрақұрылымды қалыптастыру» бағыты бойынша өткізіледі, деп хабарлады Elorda.info.

Тамыз конференциясының мақсаты балалардың жан-жақты қалыптасуы мен дамуы үшін жайлы білім беру ортасын құру, ұлттық құндылықтарға негізделген сапалы білім мен тәрбие беру мақсатын көздейді. Оның аясында оқу жылына дайындық бойынша 14-16 тамыз аралығында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы мен №59 мектеп-лицейінде «Elordalyq bilim» апталығы өтеді. Апталықтың әр күні белгілі бір тақырыпқа арналады.

14 тамызда әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Бақытты балалық шақ формуласы және құндылықтар: тұлға, отбасы, ұстаз» панельдік сессиясы өтеді.

15 тамызда әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Білім беру саласындағы инновация: құндылықтар, үрдістер, технологиялар» панельдік сессиясы өтеді.

16 тамызда №59 мектеп-лицейінде «Білім беру саласының цифрлық кеңістіктегі өзгерісі» панельдік сессиясы өтеді.

Барлық жаңалықтар