00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Алғашқы күні 15 мың талапкер құжат тапсырған

14.07.2023 | 10:00
47
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінен

Елімізде кешеден бері білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды, ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі, деп хабарлады Elorda.info Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда 15 мыңға жуық талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді. Ең көп өтініш «Педагогикалық ғылымдар» және «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыттарына берілді. Әр салаға 3 мың өтініштен келген.

Биыл құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Құжаттарды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады, - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратында.

Дегенмен кейбір азаматтар еGov порталы арқылы қызмет алу барысында ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде орын алған ақауларға байланысты техникалық мәселелерге тап болған. Қазіргі таңда Ғылым және жоғары білім министрлігі Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен ҰБДҚ ақпараттық жүйесіндегі ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізуде.

Айта кетейік, отандық ЖОО-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынса жеткілікті. 

Барлық жаңалықтар