00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Оқушылардың көктемгі каникулы 9 күнге жалғасады

01.04.2023 | 00:19
Елорда ақпарат
85

Мектептерде оқу жылының төртінші тоқсаны 17 наурызда аяқталады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінен мәлім етті. 

Оқушылардың көктемгі каникулы 18-26 наурыз аралығында 9 күнге жалғасатын болады.

Еске салсақ, демалыс және мереке күндерін есептемегенде каникулға екі күн берілген. Дегенмен министрлік бұл мерзімдерге өзгеріс енгізілмейтін атап өтті.

Былтырғы оқу жылында көктемгі каникул 12 күнге созылған (19-30 наурыз аралығы). Биылғы оқу жылында каникул уақытының ұзақтығы қысқарды. Бұрын ол кем дегенде 30 күн болатын, ал қазір – 25 күн.

Сондай-ақ биыл оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Оқу жылында 1-сынып оқушылары 35 апта оқыса, 2-11-сынып оқушылары 36 апта оқитын болады.

Барлық жаңалықтар